Колледж жұлдыздары – 2018 ж.

29.10.2018

Ақиық ақын Мағжанның қасиетті қара шаңырағында сезімдер толы күз айының 25-ші қазанында «Рухани жаңғыру: жастардың дара жолы» тақырыбына негізделген 1курс студенттері арасында колледж жұлдыздар сайысы өтті. Жыл сайын өткізілетін бұл шара колледжіміздің дəстүріне айналып кеткені рас.

Колледж жұлдыздар сайысына келесі 9 топ қатысқан болатын: НО-3-18 тобы, УИЯ-1-18 тобы, ДВ-1-18 тобы, ДВ-3-18 тобы, НО-1-18 тобы, УКЯ-1-18 тобы, ВТР-1-18 тобы, УХТ-1-18 тобы, УМ-1-18 тобы

Мағжандай ұлы ақынды, Ғабит пен Сəбиттей біртуар тұлғаларды, халық батыры Қожаберген жырауды, артына өшпес із қалдырган Сегіз сері, Шал ақын, Үкілі Ыбырай, халық жазушысы Сафуан Шəймерденов сынды ұлы тұлғалардың өңірінен келген жалынды жастарымыздың жарқын болашағымыздың кепілі бола алатынына көзіміз жетті.

Өз топ студенттердің қабілеттерін байқап, сахынаға алып шыққан, жанданарлық нөмірлерді ұйымдастырғаны үшін топ жетекшілерінің үлкен еңбегі екенін ұмытпау керекпіз. Топ жетекшілеріне үлкен рахмет.

Елбасының жолдауына жалау етіп өткізілген осы жылғы сайыстың берер тəрбиесі көп болды. Студенттеріміз өздерін əр қырларынан танытып, əділқазы алқаларының көңілінен шыға біліп, көрермен көзайымына айналып, баршамызды өнерлерімен тəнті етті. Жаңа студенттік өнерге қадам басқан жастарымыз бұл сайыстың ережелеріне сай мың бұралып билеп, мағыналы көрініс көрсетіп, əсерлі əн айтып, түрлі аспаптардың құлағында ойнап, əділқазы алқаларымен лайықты бағаланды.

Байқағанымыз бойынша, студенттеріміздің бойында ұлтқа деген махаббат, Отанға деген сүйіспеншілік, болашаққа деген нық сенімдеріне «Мен қазақпын», «Қазақ елі», «Туған жер» сынды əндері жəне қазағымыздың киелі аспабымен шертілген күйлері дəлел бола алды.

Осылайша киелі өңіріміздің жастары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған «өнер» атты дара жолдың өнегесін жаңа толқынның ағымымен əрі қарай өрбітуде. Сөзімізді қорытындылай келе, Мағжан атамыздың киелі шаңырағы дарынды да, талантты жастардың қатарының одан əрі өрбеуіне өз үлесін қосты деп білеміз.

Омарова М.Т.,
өзін-өзі тану оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст